jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Астанада тәртіп сақшылары қашып кеткен сотталушыны ұстады

    Күдіктіні ұстау сәті
    Күдіктіні ұстау сәті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Астанада тәртіп сақшылары қашып кеткен сотталушыны ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомство хабарлауынша, патрульдік жасақ пен криминалдық полиция қызметкерлері кеше қашып кеткен сотталушыны ұстаған.

    "Енді ол Қылмыстық кодекстің 426-бабы бойынша да қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл баптың санкциясында 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – делінген полиция хабарламасында.

    Естеріңізге сала кетейік, 11 қазанда Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті елордада полициядан қашып кеткен сотталушының іздестірліп жатқанын растаған болатын. Полицейлер оны тергеу изоляторына жеткізген кезде қашып кеткен.

    Астанада тәртіп сақшылары қашып кеткен сотталушыны ұстады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.