Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жоғарғы соттың үш судьясы қызметінен босатылды

Опубликовано:

Судья
Судья. Көрнекі фото: Boonchai Wedmakawand / Getty Images

Жоғары соттың үш судьясы – Сембек Баймаханов, Өміртай Ибраев және Ұлболсын Сүлейменова қызметінен босатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін сенаттың пленарлық отырысында Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп Жоғарғы сот судьяларын қызметінен босату туралы президенттің ұсынымын жеткізді.

Оның айтуынша, судьялар зейнет жасына жеткен.

"Жоғарғы сот судьялары Ұлболсын Сүлейменова, Сембек Баймаханов және Өміртай Ыбыраевтың қызметінен босату туралы мемлекет басшысының ұсынымын қолдауды сұраймыз", - деді Денис Шипп.

Сондай-ақ Денис Шипп аталған судьялардың сот қызметіндегі еңбек өтілі 28 жылдан 37 жылға дейін екенін, олар судьялар қауымында жоғары беделге ие екенін атап өтті.

Сенаторлар ұсынысқа қолдау білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040668-zogargy-sottyn-us-sudyasy-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel