Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полициясы тұрғындарға үндеу жасады

Опубликовано:

Полиция қызметкері
Полицей. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласының полиция департаменті алаяқтардың белсенділігі артып келе жатқанын айтып, азаматтарды әркімге сене бермеуге және қырағы болуға шақырды, депп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Дидар Аханов ең танымал алаяқтық схемалары туралы айтты.

"Біріншісі, қарт адамдарға қатысты алаяқтық. Олар жәбірленушілердің үй телефондарына қоңырау шалу арқылы жүзеге асырылады: алаяқтар өздерін жақын туыстары (ұлы, қызы, немерелері) ретінде таныстырып, олармен кенеттен туындаған жағдайды шешу үшін оларға ақша аудару қажет екенін хабарлайды. Көбінесе жол-көлік оқиғалары туралы айтып, хабарласады. Бұл жағдайда әңгімені өзіңіз үзген дұрыс.

Екіншісі, үлкен дивидендтер уәде ететін онлайн жобаларға ақшалай қаражат салу. Әдетте, азаматтарды криптовалюталарға, акцияларға, бағалы металдарға ақша салуға көндіреді және олар әр түрлі елдердегі жоқ абоненттік нөмірлерден қоңырау шалып, инвестициялаудың артықшылықтары туралы сенімді түрде айтады. Компанияның беделін алдын ала тексеріңіз", - дейді Дидар Аханов.

Спикер банктен қоңырау шалу да алаяқтық қатарына жататынын атап өтті. Оның сөзінше, абонент өзін банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырады және үшінші тұлғалардың сіздің атыңыздан несие алмақ болған әрекеті туралы хабарлайды.

"Есіңізде болсын! Банк қызметкерлері ешқашан сіздің картаңыз туралы ақпаратты сұрамайды, сондай-ақ ұялы телефоныңызға жіберілген кіру кодтарын талап етпейді. Мұндай жағдайларда телефонмен сөйлесуді тоқтатып, банк картасында немесе банк сайтында көрсетілген сенімді нөмірге қайта қоңырау шалу керек", - дейді ол.

Сондай-ақ полиция өкілі әр түрлі "мессенджерлер" мен әлеуметтік желілер арқылы жіберілетін күмәнді сілтемелерге кірмеу керектігін, әр түрлі сайттарға банк картаңыздың деректемелерін енгізбеуді ескертті.

"Себебі бұл вирустық файлдар мен жеке ақпаратыңызды жинауға арналған қосымшалар болуы мүмкін, болашақта банк картаңыздан рұқсатсыз төлемдер үшін пайдаланылады және қаскөйлерге мобильді банкингтегі қаражатыңызға қол жеткізуге мүмкіндік береді", - дейді Дидар Аханов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040707-almaty-policiyasy-turgyndarga-undeu-zasady/

pixel