Ұлттық қорғаныс университетінің атауынан "Елбасы" сөзі алынады
Опубликовано:

Бүгін палата кулуарында сенатор Бекбол Орынбасаров Ұлттық қорғаныс университетінің атауын өзгерту туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Сенатор Бекбол Орынбасаров оқу орны атауын өзгертудің себебін түсіндірді.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Конституциялық заңның күші жойылғанына байланысты оны "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" заңның нормаларына сәйкестендіру қажет болды”, - деді сенатор.
Сенатор түзету оқу орны атауын өзгертуге қатысты болғанын атап өтті.
"Енді бұл университеттің атауы өзгереді, "Тұңғыш Президент – Елбасы" деген сөздер алынады, - деді ол.
Журналистер сенатордан университеттің бұдан былай қалай аталатынын сұрады.
"Енді оқу орны Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті деп аталады, бұрын ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті деп аталды", - деп жауап берді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040727-ulttyq-qorganys-universitetinin-atauynan-elbasy-sozi-alynady/