Алматыда караоке-бардың қонақтарын соққыға жыққан күзетшілер мен ди-джей сотталды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматыдағы караоке-барлардың бірінде қонақтарды соққыға жықты деп айыпталған күзетші мен ди-джей бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды қалалық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алматы соттары мәліметінше, айыпталушыларға Қылмыстық Кодекстің 293 бабы, 3-бөлігі бойынша бұзақылық жасады, Қылмыстық кодекстің 106 бабы, 2 бөлігі, 107 бабы, 2 бөлігі бойынша бұзақылық пиғылда адамдар тобының денсаулығына қасақана ауыр және орташа зиян келтірді деген айып тағылды.
Сот дерегінше, 2022 жылғы 28 қыркүйекте қаладағы караоке-барлардың бірінде қонақтар мен мекеме қызметкерлері арасында сөз талас болып, оның соңы төбелеске ұласқанын анықталды.
"Осы мекеменің күзетшілері мен ди-джейі, сондай-ақ барда болған олардың таныстары жәбірленушілерді ұра бастаған, жәбірленушілер оқиға орнына қашуға мәжбүр болған. Алайда айыпталуышлар оларды көшеде қуып жетіп, төбелесті жалғастырған", - деліген сот хабарламасында.
Іс бойынша 5 адам жәбірленуші деп танылды.
"Ұрып-соғу нәтижесінде зардап шеккен бес жәбірленушінің біреуінің денсаулығына ауыр зиян келтірілді (мұрынның сынуы, мидың шайқалуы, ауыр бас-ми жарақаты, бет сүйектерінің сынуы), екі жәбірленушінің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян (мұрын мен жақ сүйектерінің сынуы) келтірілген, қалған екеуі денсаулығына жеңіл зиян келтірген (құлақ гематомасы, мұрынның көгеруі). Төбелес барысында сотталушылардың бірі пышақ қолдануға тырысқан", - делінген хабарламада.
Айыпталушылардың бірі бұрын да адамды ұрып-соққаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Алматы соттары мәліметінше, айыпталушылардың кінәлілігі куәгерлер мен жәбірленушілердің айғақтары, сот сараптамаларының қорытындылары, бейнебақылау камераларына түсірілген бейнежазбалар арқылы расталды.
Сотталушылар өз кінәларын мойындаған жоқ.
Жәбірленушілер сотталушыларды кешірген жоқ.
Прокурор 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындауды сұрады.
Нәтижесінде сот үкімімен айыпталушылар кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылды: бес адам 6,5 жылға, біреуі 6 жылға, екіншісіне 6,5 жылға қоса 15 күнге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, өйткені оның өтелмеген жазасы болған.
Айыпталушылардан жәбірленушілер қорына 61 260 теңге өндірілді. Жәбірленушілердің талаптары жартылай қанағаттандырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040736-almatyda-karaoke-bardyn-qonaqtaryn-soqqyga-zyqqan-kuzetsiler-men-di-dzei-sottaldy/