Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«АҚШ-тан әлдеқайда алдасыздар»: ірі инвестор Қазақстандағы цифрлық сервистерге баға берді

Опубликовано:

Тим Дрейпер
Фото: t.me/aqorda_resmi

Ірі халықаралық венчурлық инвестор Тим Дрейпер Digital Bridge Forum-ның ашылу салтанатында сөз сөйледі. Ол Қазақстандағы онлайн-сервистің дамуына ерекше жоғары баға берді, деп хабарлайды NUR.KZ.

12 қазан күні Астанада жасанды интеллекттің (AI) қазіргі заманда атқаратын рөліне арналған Орталық Азия бойынша ең ірі әрі жыл сайынғы Digital Bridge 2023 IT-форумы басталды.

Форум әлемнің жетекші салалық компанияларының өкілдерін ғана емес, сондай-ақ жүздеген стартапты, 15 елден шетелдік спикерлерді, әлемдік деңгейдегі ірі инвесторларды және бизнес-періштелерін жинады.

Мәселен, жаңа IT-жобаларды белсенді қаржыландыратын ірі халықаралық венчурлық инвестор Тим Дрейпер форумның ашылу салтанатында спикерлердің бірі болды.

Digital Bridge Forum-ды аша отырып, Тим Дрейпер Қазақстан цифрлық қызмет көрсету саласында АҚШ-тан әлдеқайда алда екенін мәлімдеді.

«Эстония цифрлық басқарудың жаңа тәсілін жасады. Барлығын дерлік онлайн режимде жасауға болады – тұраққа ақы төлеуден бастап, дауыс беруге дейін.

Ал осыдан 6 жыл бұрын Қазақстанға алғаш келгенімде бұлардың көбі мұнда да енгізілетінін естідім. Бүгінде сіздерде Kaspi бар, қателеспесем, ешкім қолма-қол ақшаны пайдаланбайды және бұл үлкен жетістік.

Сіздер бұл салада АҚШ-тан әлдеқайда алдасыздар. Мысалы, АҚШ-та сіз әлі де Starbucks-қа барып, кофенің ақысын төлеу үшін тиындарды санап жатқан адамды көре аласыз. Бұл серпілістер ауқымды әрі олардың қоғамға әсері зор», - деді Тим Дрейпер.

Астанада 12-13 қазан аралығында Digital Bridge Forum өтеді, қатысушыларды инвесторлар мен ірі IT-компаниялар мамандарының дәрістері, IT-мектептер мен өңірлік хабтар стендтері, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі мен стартаптар арасындағы жарыстар күтіп тұр.

Еске салайық, форум аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі. Ол жасанды интеллекттің (AI) адамзатқа төндіруі мүмкін қауіп-қатерлері мәселесіне тоқталып өтті.

Президент сонымен қатар жасанды интеллект қазақстандықтарды жұмыссыз қалдырмайтынын сөз етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040737-aqs-tan-aldeqaida-aldasyzdar-iri-investor-qazaqstandagy-cifrlyq-servisterge-baga-berdi/

pixel