Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы уақытта Қазақстанда QR арқылы жұмысқа тұруға болады

Опубликовано:

Ноутбукте жұмыс істеп отырған ер адам.
QR код белгісі. Көрнекі фото: pexels.com

Digital Bridge форумында Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Қазақстанда жұмысқа орналасу процесін жеңілдету жоспарланып жатқанын айтты. Оның сөзінше, алдағы уақытта еңбек шартына қол қою QR арқылы жүзеге асатын болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Анықтама қағазынсыз жұмысқа орналасуға мүмкіндік болады. Жұмысқа өтініш білдіргендер әдетте анықтама қағазын электронды форматта болса да жүктеп алып, кадр бөліміне апаруы керек. Біз еңбек шартына қол қойып, бір ғана QR арқылы жұмысқа орналасуға мүмкіндігін жасап жатырмыз. Бүгін бұл жобаны президентке көрсеттік", - деді министр Бағдат Мусин.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Digital Bridge форумында сөйлеген сөзінде Қазақстанда жасанды интеллектпен мамандандырылған data-орталықтарының құрылысын қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Ал Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Мемлекет басшысына екінші деңгейлі жекелеген банктер мен басқа да компаниялар өз платформалары арқылы азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік беретінін баяндады.

Сондай-ақ бүгін мемлекет басшысына денсаулық сақтау саласын цифрландыру, соның ішінде "QR арқылы дәрігердің қабылдауына жазылу қызметін растау" (eGovmobile-дағы eДенсаулық) жобалары таныстырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040762-aldagy-uaqytta-qazaqstanda-qr-arqyly-zumysqa-turuga-bolady/

pixel