Түркістан облысында дәрігерді пышақтады деген күдікпен тұрғын ұсталды
Жарияланған күні:
Түркістан облысында дәрігерге шабуылдаған деген күдікпен 27 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтары арнасы.
Ведомство мәліметінше, Сайрам ауданының Ақсукент кентіндегі жеке клиникада тұрғындардың бірі ультрадыбыстық кабинетте кезекте тұрғанда жанжал шығарып, рентгенолог-дәрігерге пышақ жарақатын салған.
"Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шықты. Қылмыстық кодекстің 106-бабының 2-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Мұхтар Сейділдаев.
Полиция мәліметінше, ауданның 27 жастағы тұрғынын ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ІІМ болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040784-turkistan-oblysynda-darigerdi-pysaqtady-degen-kudikpen-turgyn-ustaldy/