Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Михаил Ломтадзе: Дарындыларды тәрбиелеп шығару керек!

Опубликовано:

Михаил Ломтадзе
Михаил Ломтадзе. Фото: Серикжан Ковланбаев

Бүгінде Қазақстанда цифрлық индустрия белсенді дамуда. Digital Bridge 2023 технологиялық форумында Михаил Ломтадзе бұл индустрияда Kaspi секілді алыптармен қатар көптеген шағын компания құрылып, стартаптар жасалып жатқанын жеткізді.

— Олардың барлығын қолдап, дамыту керек, дарындыларды тәрбиелеп шығару керек, - деп атап өтті ол. – Жақын перспективада оларға сұраныс бар, тиісінше, бұл компаниялар дами түседі. Ал ұзақ мерзімді перспективада ең жақсы инвестиция – білім беру, білімге, әсіресе технологиялық мамандарды оқытуға инвестиция құю жалғасын тапса, бұл үлкен нәтиже береді. Біз секілді компаниялар өнім жасау үшін және уақыт жоғалтпас үшін тап бүгін және қазір инвестиция жасай алады және тұтас ұлт мүддесі үшін құндылықтар жасай алатын бағдарламашылардың, IT-мамандардың болғаны маңызды.

Форум аясында Михаилдан Қазақстан финтех бойынша әлемде 66-орын алды деген есепке қатысты ойын сұрады. Өзге сарапшылар секілді ол да мұндай пікірмен келіспейтінін жеткізді:

— Силикон алқабын құрғандар қатарында болған танымал венчурлық капиталистердің бірі Тим Дрейпер бұдан алты жыл бұрын Қазақстанға келген. Ол да осы диджитал-форумға келді. Оның ең бірінші айтқаны: «Мен таң қалып отырмын – Қазақстандағы өзгерістер тіпті АҚШ-тан да асып кетті». Ол кісі алты жыл бұрынғы және бүгінгі жағдайды салыстыра отырып, онда осындай сарапшы пікірі қалыптасқан болар. Жұмыла жасағанымыз және жасап жатқанымыз дұрыс деп ойлаймын. Егер есептер мен рейтингтер бойынша бірінші орынға шыққымыз келсе, мен барлығына, барлық инвестициялық компанияға жай ғана Kaspi, Freedom-ды ұсынамын, мемлекетке жұмыс тобын құрып, осы рейтингтердің тізімін жасап, қай жерге қандай ақпарат ұсыну керектігін, кімге қандай сұхбат беру қажеттігін айтуды ұсынамын. Мен ол есепті оқыдым, бұл есепте Қазақстаннан басқа барлығы бар. Бізден ештеңе сұрамастан, мұндай рейтингті қалай жасаған?

Мен әлемді аралаймын, көптеген инвестормен әңгімелесемін, тіпті Эстонияның мемлекеттік құрылымдары Kaspi-ден Эстонияға келіп, мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы етіп жасауға көмектесуді сұрайды. Меніңше, Қазақстан көшбасшы екені анық және өзінің бұл орнын сақтап қалады. Менің ұсынысым мынадай: «Қазпошта», біз және цифрландыру министрлігі бірлесе отырып жұмыс тобын құрып, бірнеше жылдан соң біздің ел цифровизацияға қатысты рейтингтердің көш басында тұруы керек деген мақсат қояйық. Біз бұған қол жеткізетінімізге кепілдік беремін, бұл үшін кез келген нәрсеге бәстесе аламын!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040786-mixail-lomtadze-daryndylardy-tarbielep-sygaru-kerek/

pixel