Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент Мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Кісен мен ақша
Ақша мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы басшысының заңсыз әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Ол өзінің қарамағындағыдан еңбек шартын ұзартқаны және қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде", - делінген хабарламада.

Антикор мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Құзырлы орган Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

"Конституцияның 77 бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі", - деді Антикордан.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысына қатысты тергеу басталғанын Антикордың баспасөз қызметі растаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040830-symkent-madeniet-basqarmasynyn-bassysy-para-aldy-degen-kudikke-ilindi/

pixel