Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында қауіпті қалдықтарды сақтаған компанияға млрд теңгеге жуық айыппұл салынды

Опубликовано:

Кісен мен ақша
Ақша мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Жылыой Болашақ" ЖШС-не қауіпті қалдықтарды сақтағаны үшін айыппұл салынды. Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды облыстық прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы "Жылыой Болашақ" ЖШС-і рұқсат құжаттарынсыз мұнай шламдарын жинақтау бойынша қызметті жүзеге асырғанын анықтады.

"2022 жылдан бастап қауіпті қалдықтарға жатқызылған 477 тонна мұнай шламы жинақталған. Осы факті бойынша "Жылыой Болашақ" ЖШС-не сот 923 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енді", - делінген хабарламада.

Өз кезегінде прокуратура әрбір табиғат пайдаланушының қоршаған ортаны қорғаудың және оған рұқсат етілген антропогендік әсер ету нормативтерін қатаң сақтаудың маңыздылығын, өйткені бұл адамның денсаулығы мен өміріне тікелей әсер ететінін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040860-atyrau-oblysynda-qauipti-qaldyqtardy-saqtagan-kompaniyaga-mlrd-tengege-zuyq-aiyppul-salyndy/

pixel