Қайрат Боранбаев қандай түзеу мекемесіне ауыстырылды: ҚАЖК жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русском6 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Боранбаев жазасын өтеу үшін қауіпсіздік деңгейі орташа мекемеге ауыстырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Аталған азамат жазасын өтеу үшін 11 қазанда ЕЦ-166/1 мекемесінен 12 қазанда Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №7 қауіпсіздігі орташа мекемесіне (Гранитный ауылындағы) ауыстырылды", – деп хабардар етті ведомстводан.
Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Боранбаев биыл 31 наурызда Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Сонымен қатар "АзияГазЧунджаның" тең құрылтайшысы Роман Наханов пен Qazaq Gaz АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақ та 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Кейін Астанада қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановақа және Тайыр Жанұзаққа қатысты Ресей газын сатып алу кезінде жымқыру дерегі бойынша шыққан бірінші инстанция сотының үкімін жойды.
Жуырда Астана қалалық соты оларға қатысты қылмыстық істі қайта қарап, шешім шығарды. Сот үкімімен Қайрат Боранбаев пен Роман Наханова 6 жылға, Тайыр Жанұзақ 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040955-qairat-boranbaev-qandai-tuzeu-mekemesine-auystyryldy-qazk-zauap-berdi/