Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында 8 ата-ана ата-аналық құқығынан айырылды

Опубликовано:

Отбасы
Отбасы. Фото: pixabay.com

Қызылорда облысындағы қоғамдық орындар мен көшелерде мектеп оқушыcының түнгі жүрісін ырықтау, түн мезгілінде орын алатын құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында күнделікті кешкі сағат 22:00-ден бастап рейдтік шаралар жүргізілген. Нәтижесінде ата-аналық міндетін орындамаған 8 ата-ана сот құзырымен ата-аналық құқығынан айырылып, 6 ата-ананың ата-аналық құқығы шектелді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысындағы қоғамдық орын мен көшеде, түнгі клубта, дискотека мен кафе-барларда және мейрамханада мектеп оқушысының түнгі жүрісін ырықтау, бей-берекеттіліктің алдын алу, олар тарапынан түн мезгілінде орын алатын құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында күнделікті кешкі сағат 22:00-ден бастап рейдтік шаралар жүргізіледі.

Полицияның айтуынша, әр бір рейд бойынша ата-аналар мен жасөспірімдер арасында түсіндірме жұмысы жүргізіледі. Рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 112 кәсіпкер, кәмелеттік жасқа толмағандарға және кәмелетке толмағандардың темекі бұйымдарын сату дерегі бойынша 6 тұлғаға, жасөспірімге алкоголь өнімін сатқаны үшін 9 сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар полиция мәлімдеуінше, балалардың тәрбиесімен айналыспай, ата-аналық міндеттерін орындамаған 8 ата-ана сот құзырымен ата-аналық құқығынан айырылса, 6 ата-ананың ата-аналық құқығы шектелген. 5 кәмелетке толмаған бала облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына және 2 жасөспірім "Абай облысының ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернатына" орналастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040978-qyzylorda-oblysynda-8-ata-ana-ata-analyq-quqygynan-aiyryldy/

pixel