Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төтенше жағдайлар департаменті Алматы тұрғындарына таяу күндері тауға шықпау керегін ескертті

Опубликовано:

Тау
Тау. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты туристерге таяу күндері тауға барудан бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидрометке" сілтеме жасай отырып, 13-14 қазан аралығында кей жерлерде қатты жауын-шашынға байланысты ағынды сулардың пайда болатынын және су деңгейінің көтерілетінін ескертті.

Алматыға іргелес таулы аймақтарда өзен деңгейінің көтерілуі күтілуде.

Айта кетейік, кеше Алматыда жауын басталды. Өңірде коммуналдық қызметтеркерлер толассыз жаңбыр жаууына байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеді.

Сонымен қатар "Қазгидромет" мамандары Алматыда бүгін де жауын жауатынын болжады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040985-totense-zagdailar-departamenti-almaty-turgyndaryna-tayau-kunderi-tauga-syqpau-keregin-eskertti/

pixel