Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Қазақстанда 20 бас ұсақ малды пойыз басып кетті

Опубликовано:

Ұсақ мал
Ұсақ мал. Фото: pexels.com

Солтүстік Қазақстан облысында жүк пойызының машинисі темір жолда ұсақ малдың болуына байланысты шұғыл тежеуді басқан. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмай, 20 ұсақ мал пойыз астына түскен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, пойыз жоспарланбаған тұрақта 34 минутқа тоқтаған.

"11 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысының Уголки-Саумалкөл аралығында жүк пойызының машинисі темір жолда ұсақ малдың болуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. Нәтижесінде 20 ұсақ мал пойыз астына түсті. Пойыздың жоспарланбаған тұрағы 34 минутты құрады.

Тексеру барысында үй жануарларының иесі болып табылатын Солтүстік Қазақстан облысының 30 жастағы тұрғыны анықталды. Құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 559 бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп жазылды полиция мәліметінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040994-soltustik-qazaqstanda-20-bas-usaq-maldy-poiyz-basyp-ketti/

pixel