jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Ұлттық статистика бюросы баршаға қолжетімді деректерді сатып жүрген адамдардан сақ болуға шақырды

Планшет ұстап отырған ер адам
Планшет ұстап отырған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлттық статистика бюросы баршаға қолжетімді мәліметтерді сатып жүрген адамдардан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Назар аударыңыз, Ұлттық статистика бюросы stat.gov.kz ресми сайтында еркін қолжетімді деректерді саудалап жүрген TikTok пайдаланушыларының қызметтерін пайдаланбауды сұрайды.

Әлеуметтік желіде тікелей эфир барысында ақшалай сыйақы үшін "Мен сияқты қанша адам бар" сервисіндегі деректерді хабарлау танымал болып келеді", - делінген ресми сайтта жарияланған хабарламада.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, эфирді ұйымдастырушы төлем жасау үшін өзінің деректерін көрсетеді, ниет білдіргендер төлем жасаған кезде Қазақстан бойынша қанша аттасы бар екенін білу үшін есімдерін жазады.

"Мұндай қызметпен айналысатындар өз әрекеттері үшін жауапқа тартылуы мүмкін екенін ескертеміз", - деп қосты Ұлттық статистика бюросының өкілдері.

Ұлттық статистика бюросы баршаға қолжетімді деректерді сатып жүрген адамдардан сақ болуға шақырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.