jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Тұман, үсік": бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Тұманды күн
Тұманды күн. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 16 қазанда елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметіне сүйенсек, Қазақстанның басым бөлігі антициклонның әсерінде болғандықтан бүгін ел аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек елдің солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр) түсіп, екпінді жел тұруы мүмкін.

Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі ықтимал.

Бұдан бөлек, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде топырақ бетінде, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында, Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

"Тұман, үсік": бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.