Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг құрбандары үшін сенім телефоны іске қосылды

Опубликовано:

Телефон қарап отырған әйел
Телефон қарап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда бүгіннен бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг құрбандары үшін тәулік бойы сенім телефоны жұмыс істейді, деп хабарлайды прьемер-министрдің ресми сайты.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру және зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсетудің пәрменді бағдарламасын әзірлеу міндетін қойған болатын.

"Осы тапсырманы орындау аясында тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары 16 қазаннан бастап 111 бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына (бұрын Amanat партиясы жанында жұмыс істеген) тәулік бойы хабарласа алады. Қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін қоңырау шалу тегін. Азаматтарға қажетті көмек мәтіндік диалог арқылы да көрсетілетін болады", - деп хабардар етті үкіметтің баспаөз қызметі.

Қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға көмек көрсету үшін білікті психологтар мен заңгерлер тартылған. Әрбір жағдай бойынша операторлар "дәл осы сәтте" қағидатын басшылыққа ала отырып, жекелеген мәселе бойынша кешенді көмек көрсететін болады. Сондай-ақ барлық қажетті мемлекеттік орган мен қызметті міндетті кері байланыс тәсілін қолдана отырып, бір мезгілде қосу көзделген.

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың айтуынша, байланыс орталығына үлкен жауапкершілік жүктелген. Оның сөзінше, жүйенің үйлесімді жұмысы әйелдер мен балаларға қатысты заңсыз әрекеттердің теріс салдарынының алдын алып, азаматтарға жедел құқықтық, психологиялық және консультациялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

"Аталған шаралар азаматтар, әсіресе әйелдер мен балалар үшін қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді. Байланыс орталығы мемлекеттің уақытылы көмек көрсетуінің тиімді құралына айналады, сондай-ақ өңірлер бойынша аса өткір проблемаларға мониторинг жасау үшін деректер көзі болмақ", - дейді Тамара Дүйсенова.

Үкіметтің баспасөз қызметі бірыңғай сенім телефоны мемлекеттік шұғыл қызметтер тізбесіндегі 101, 102, 103 және т.б. нөмірлердің қатарына енгізілетінін атап өтті. Бұл азаматтарға құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу арқылы жедел түрде көмек көрсетуге мүмкіндік бермек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041089-taulik-boiy-xabarlasuga-bolady-elimizde-turmystyq-zorlyq-zombylyq-bulling-qurbandary-usin-senim-telefony-iske-qosyldy/

pixel