Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да университеттің ғылыми қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізілуде

Опубликовано:

Ғылыми қызметкер
Ғылыми қызметкер. Көрнекі фото: pexels.com

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Жәңгір хан атындағы Аграрлық-техникалық университетінің ғылыми қызметкерлеріне қатысты қаражат жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл туралы Бас прокуратура Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың айтуынша, Ғылым және жоғарғы білім министрлігі аса қауіпті аурулардың таралуы тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін аталған университетке 55 млн теңге бөлген.

Зерттеу нәтижелері халықаралық конференцияларда талқыланып, содан кейін патенттелуі керек болған.

"Алайда университет ғылыми зерттеу жұмыстарын формальды жүргізген және патент алмаған.

Бұған қарамастан атқарылған жұмыстар туралы жалған акті жасалып, бөлінген қаражат ұрланған", - дейді Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.

Құзырлы орган прокуратураның тапсырмасы бойынша қылмыстық істі Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041102-bolingen-qarazat-urlangan-bqo-da-universitettin-gylymi-qyzmetkerlerine-qatysty-tergeu-zurgizilude/

pixel