Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Атығаев Алматы ТЖД бастығы болып тағайындалды

Опубликовано:

Нұрлан Атығаев
Нұрлан Атығаев. Фото: ТЖМ ресми сайты

Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып полковник Нұрлан Атығаев тағайындалды. Бұны ТЖМ ресми сайты хабарлады.

ТЖМ ресми сайтының хабарлауынша, Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Ерлан Нұрпейісов ТЖД жаңа басшысын жеке құрамына таныстырды.

Нұрлан Атығаев 1978 жылы Көкшетау облысында дүниеге келді. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің Көкшетау техникалық институтын бітірген.

Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Айыртау ауданы № 7 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы болып бастады.

Әр жылдары СҚО Төтенше жағдайлар департаменті Тайынша ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, департамент бастығының орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың желтоқсан айынан 2023 жылғы қазан айына дейін Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары қызметін атқарды.

ТЖМ ресми сайтының мәліметіне сүйенсек, вице-министр жылыту маусымында алдын алу шараларын қабылдау, қысқы кезеңдегі іс-шараларды күшейту, түрлі төтенше жағдайлар санын азайту, әсіресе халық арасында қауіпсіздік мәдениетін насихаттауды күшейту бойынша міндеттер қойды.

Ерлан Нұрпейсов жеке құрам арасында заңдылықты, тәртіпті сақтауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық және алдын алу шараларын мүлтіксіз орындау керектігін атап өтті.

Сондай-ақ вице-министр ұжымға қойылған барлық міндеттерді шешуде табысты жұмыс тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041194-nurlan-atygaev-almaty-tzd-bastygy-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel