Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында көлік жүргізушілеріне 38 млн теңгеден астам қаражат қайтарылады

Опубликовано:

Тас жол
Тас жол. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қарағанды облысында көлік прокуратурасының актісі бойынша "Қазавтожол" АҚ ақылы жолдарды пайдаланғаны үшін автокөлік жүргізушілерінен алынған қаражатты қайтарады. Бұны Бас көлік прокуратурасы ресми сайтында хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, Қарағанды көлік прокуратурасының мамандары ақылы автокөлік жолдарымен жүру негіздері туралы жария шартта автокөлік жүргізушілерінің құқығына нұқсан келтіретін норманы анықтады.

"Жедел жол қызметтерін тұтынушылар көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін ауыстырған жағдайда пайдаланылмаған төлемдерді қайтара алатын тармақ болмаған", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, бүгінде тиісті түзетулер енгізілген, оған қоса бұл ақпарат "Қазавтожол" АҚ-ның ресми сайтында да жарияланған.

"Прокуратура талдауының көрсеткіштеріне сәйкес, Қарағанды облысында 69 мың автокөлік жүргізушісіне 38 млн теңгеден астам сомаға аванстық төлем қайтарылмаған.

Прокуратураның араласуынан кейін ғана тұтынушылардың мүліктік құқықтарын қалпына келтіру жұмыстары басталды", - деп жазылған Бас көлік прокуратурасы ресми сайтының хабарламасында.

Сондай-ақ Ұлттық оператордың мүдделерін қорғау жұмысы дұрыс жүргізілмегені анықталған, ведомство ақпаратына сүйенсек, 3 жылдың ішінде аталған қызметті тұтынушы 138 мың көлік жүргізушісінде 50 млн теңгені құраған берешегі бар екені белгілі болды.

"Көбінесе мұндай адамдарға қатысты материалдар ақылы автомобиль жолдарымен жүргені үшін уақтылы төленбеу белгілері бойынша оларды әкімшілік жауапкершіліккетарту мақсатында көліктік бақылау инспекциясына жолданбаған.

Прокуратураның актісі бойынша "Қазавтожол" АҚ филиалының басшылары жол ақысын төлемеген автокөлік жүргізушілеріне қатысты әкімшілік ықпал ету шараларынан алшақтатқаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды", - делінген хабарламада.

Ведомство аталған жұмыс еліміздің барлық өңірінде жүргізілетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041198-qaragandy-oblysynda-zurgizusilerge-38-mln-tengeden-astam-qarazat-qaitarylady/

pixel