Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да меценат өз қаражаты есебінен мұражай ашып, ел игілігіне берді

Опубликовано:

БҚО-да меценат өз қаражаты есебінен мұражай ашып, ел игілігіне берді
Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қазталов пен Жаңақала аудандарының құрметті азаматы, зейнеткер Кәрім Өтеғұлов Ақпәтер ауылынан мұражай ашты. Оған 12 млн теңге жұмсаған.

Мәдени нысанда 3 мыңнан астам жәдігер бар. Атап айтқанда, өткен ғасырда қолданылған тұрмыстық жабдықтар, әшекей бұйымдар, соғыс жылдарынан қалған құралдар, тарихи құжаттар сақталған.

Сонымен қатар осы елді мекенде кеңес дәуірінде еңбек еткен қайраткерлердің аллеясы ашылып, ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі де жасақталыпты.

БҚО-да меценат өз қаражаты есебінен мұражай ашып, ел игілігіне берді
Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Зейнеткер бұл нысанды Республика күніне орай халыққа тарту етті. Мазмұнды шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.

"Ел тәуелсіздік алғалы тарихымызды қайта түгендеп, өлкетану саласы өркендеп келеді. Ақпәтерде келешекке мұра болар музей ашылып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласына ерекше көңіл бөлді. Алақандай Ақпәтерде Атымтай жомарттың атқарған ісі ел үшін алатаудай. Бұл мәдени нысан жас ұрпақтың елге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра түсері сөзсіз. Кәрім Тәжмағамбетұлына және музей саласының игілікті істеріне өз үлесін қосып жүрген азаматтардың барлығына зор ризашылығымды білдіремін!", - деді аймақ басшысы.

БҚО-да меценат өз қаражаты есебінен мұражай ашып, ел игілігіне берді
Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Облыс әкімі жергілікті меценат Кәрім Өтеғұловқа Мәдениет және ақпарат министрлігі атынан Құрмет грамотасын табыс етті. Сонымен қатар Ақпәтер музейінің қызметкерлері Бекзат Қожахметова, Даражат Өтеғұлова және Меңдіхан Бақтығалиевке вице-министрдің Алғыс хаты берілді.

БҚО-да меценат өз қаражаты есебінен мұражай ашып, ел игілігіне берді
Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

"Жәдігер жинаудағы басты мақсатымыз - ұрпаққа дұрыс тәрбие беру. Қазақ қайраткерлерінің есімін, төл этнографиялық жәдігерлерді олар біліп өсуі тиіс", - деді меценат Кәрім Өтеғұлов.

Әр кезеңді жалғап тұрған мәдени нысан өңірде туризмді түлетуге де серпін бергелі тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041227-bqo-da-mecenat-oz-qarazaty-esebinen-murazai-asyp-el-igiligine-berdi/

pixel