Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның тағы екі өңірінде ТЖД басшысы ауысты

Опубликовано:

Нұрлан Бекбосынов
Нұрлан Бекбосынов. Фото: gov.kz

Бүгін, 16 қазан күні Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Жетісу облысы мен Түркістан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің басшылары ауысты. Бұны ТЖМ ресми сайты хабарлады.

ТЖ министрінің бұйрығымен полковник Нұрлан Бекбосынов Жетісу облысының ТЖД басшысы лауазымына тағайындалды.

Ведомствоның хабарлауынша, Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Ерлан Нұрпейісов Жетісу облысы ТЖД жаңа бастығын ұжымға таныстырды.

Нұрлан Бекбосынов 1971 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Азаматтық қорғау органдарында 1993 жылдан бастап қызмет етіп келе жатыр.

Еңбек жолын Жезқазған облысы Ішкі істер басқармасының әскерилендірілген өрт күзеті Саяқ кентінің жеке бекетінің бастығы қызметінен бастады.

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінде әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2010-2023 жылдары Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бөлімшелерінде әр түрлі басшылық лауазымдарды атқарды.

Бұған дейін ол Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары лауазымында болған еді.

Асқар Төлешев
Асқар Төлешев. Фото: ТЖМ ресми сайты

Сондай-ақ ТЖМ ресми сайтының мәліметіне сүйенсек, ТЖ министрінің бұйрығымен Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып азаматтық қорғау полковнигі Асқар Төлешев тағайындалды.

Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Бауыржан Сыздықов Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа басшысын жеке құрамға таныстырды.

Асқар Төлешев 1975 жылы Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Өзбекстан Республикасында Ташкент жоғары өрт-техникалық мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Ақтөбе облысының ІІБ жанындағы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы өрт сөндіру басшысының көмекшісі болып бастады.

Әр жылдары өрт сөндіру қызметінің кезекші өрт сөндіру қызметі өрт сөндіру басшысының аға көмекшісі, күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы, Ақтөбе қаласы өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары, Ақтөбе облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

Соңғы жылдары Қызылорда мен Ақтөбе облыстарында Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041228-qazaqstannyn-tagy-eki-onirinde-tzd-bassysy-auysty/

pixel