Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда бөлім басшысы мен сектордың бұрынғы меңгерушісіне қатысты сот үкімі шықты

Опубликовано:

судья балғасы
Судья балғасы. Көрнекі фото: pexels.com

Лауазымдық міндеттерін асыра пайдаланды деп айыпталған Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы мен сектордың бұрынғы меңгерушісіне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Жамбыл облысының прокуратурасы ресми сайтында хабарлайды.

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, мемлекеттік қызметкерлердің қылмыстық әрекеттері Тараз қаласының прокуратурасы жүргізген талдау барысында анықталған.

"Атап айтқанда, лауазымды тұлғалар 3,56 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін заңсыз тәркілеп, оны жалпы ауданы 3,56 гектарды құраған коммерциялық екі жер теліміне айырбастаған.

Алайда мемлекет мүддесі үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы учаскені алып қоюдың қажеті жоқ еді", - делінген хабарламада.

Прокуратура жер телімдерінің бағасы әр түрлі болғанына қарамастан айырбас жасалғанын, салдарынан мемлекетке 121 млн теңгеден астам сома мөлшерінде залал келгенін атап өтті.

"Коммерциялық мақсаттағы екі учаскеде 14-ші шағын ауданда орналасқан және оларды аукционда сату жергілікті бюджетке табыс әкелетін еді. Бірақ мемлекеттің орнына жеке адамдар пайда тапты: яғни, ауданы 1,3 гектар болатын бір учаске автосалонға 93 млн теңгеге сатылған.

Осы жайт бойынша Тараз қаласының прокуратурасы 2022 жылғы 7 маусымда Қылмыстық кодекстің 361-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, тергеу Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылды", - деп хабардар етті прокуратурадан.

Бүгінде бұл іс бойынша айыпталған тұлғаларға сот үкімі шыққан. Сот үкімімен жер қатынастары бөлімінің басшысы Қылмыстық кодекстің 361-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша, сектордың бұрынғы меңгерушісі Қылмыстық кодекстің 361-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы, 24-бабының 5-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, екеуі де 4 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сондай-ақ оларға өмір бойына мемлекеттік лауазымдарды атқаруға тыйым салынған. Сот шешімімен жер учаскелері мемлекеттік қорға қайтарылған.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041388-tarazda-bolimi-bassysy-men-buryngy-sektor-mengerusisine-qatysty-sot-ukimi-syqty/

pixel