Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте өздігінен жүріп, 5 адамды қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды

Опубликовано:

Автобус
Автобус. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкентте 5 адамды қағып өлтірген автобустың жүргізушісі сотталды. Сот оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Мен қол тежегішті тартып шығып кеттім. Енді әркім өзіне жаман ой ойламайды ғой. Өз машинама сенгендей тастап кеткем. Ол жақта бір рет емес, алдында да кіргем ол жерге. Соңғы аялдама болмағаннан кейін ... Балашағам бар. Жалғыз асыраушысымын. Өкінемін, бұл тірлікке. Қасақана істеген жоқпын. Соттан сұрағаным, лажы болса, аз мерзім берсе екен деп отырмын", - деді сотталушы Ю.

Телеарнаның мәліметінше, мемлекеттік айыптаушы оған 8 жыл жаза кесуді сұраған. Бірақ жүргізушінің қылмысты әдейі істемегенін, отбасындағы жалғыз асыраушы екенін ескерген судья барынша жазасын жеңілдетіпті.

Айта кетейік, 5 адамның өмірін жалмаған оқыс оқиға биыл сәуір айында болды. Соңғы аялдамаға тоқтаған автобус жүргізушісі, қоғамдық көліктен шығып кеткенде техника төмен қарай өздігінен жүріп кетіп, бағдаршам жанында тұрған 6 адамды қағып өткен. Үш әйел сол жерде көз жұмса, тағы екеуі ауруханада жан тапсырды. Тағы бір науқас мүгедек болып қалды.

Автопарк марқұмдардың отбасына моральдық шығын ретінде 5 миллион теңгеден берген. Десе де жәбірленушілер автопарк басшылығы жазадан оңай құтылып кетті деп отыр.

"Ең алдымен автопарк кінәлі. Мұның бәрі қытайдың автобустары, техникалық ақауы көп. Автобаза бұл жерде оңай құтылып кетіп жатыр. Автобаза кінәлі деп есептейміз", - деді жәбірленуші.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041414-symkentte-ozdiginen-zurip-5-adamdy-qagyp-ketken-avtobus-zurgizusisi-sottaldy/

pixel