jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Көкшетауда мектепке "бомба" қойылды деген ақпараттан соң 1300-ден астам адам эвакуацияланды

    Мектеп
    Мектеп. Көрнекі фото: pixabay.com

    Бүгін Көкшетау қаласының полициясына мектептердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат келіп түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

    "Көрсетілген мекенжай бойынша жедел қызметтер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері дереу жіберілді. Оқу ордасынан 1279 оқушы мен 79 мұғалім және әкімшілік қызметкері эвакуацияланды", - деді өңірлік ПД баспасөз қызметінен.

    Ведомствоның мәлімдеуінше, кинолог мамандар тексеріс жүргізгеннен кейін жарылғыш зат туралы ақпарат расталмаған.

    Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу, жедел-іздестіру амалдары жүргізіліп жатыр.

    Көкшетауда мектепке "бомба" қойылды деген ақпараттан соң 1300-ден астам адам эвакуацияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.