Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында қыз алып қашқан екі жігіт бірнеше жылға сотталды

Опубликовано:

Кісен
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Тараз қаласының №2 сотының шешімімен Маңғыстау және Ақтөбе облысының азаматтары қызды алып қашқаны үшін сотталды, деп хабарлайды Бас прокуратура ресми сайтында.

Жамбыл облысы прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, 2022 жылғы көктемде Ж. есімді азамат ортақ таныстары арқылы А. есімді азаматшамен танысқан.

Бірнеше кездесуден кейін қыз қарым-қатынасты жалғастырудан бас тартқан.

"Алайда осыған қарамастан Ж. есімді азамат қызға үйлену үшін алып қашуға шешім қабылдаған. 2023 жылдың ақпан айында Таразға келіп, Ж. есімді азамат пен досы бірге өз жоспарын жүзеге асыруға кірісіп, қызды алдап, көлікке күшпен отырғызып, қаладан алып кетуге тырысқан. Көршілер қыздың көмекке шақырғанын естіп, полиция қызметкерлеріне жүгінген.", - делінген хабарламада.

Облыстық прокуратура ақпаратынша, полиция жедел әрекет етіп, күдіктілердің көлігін ұстады.

Құзырлы орган мәліметінше, 2023 жылғы қыркүйекте Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша сот үкімімен екеуі де, қызға үйленуге ниетті жігіт пен оның досы кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

"Ұрлау, оның ішінде қыз алып қашу адам құқықтарын және бостандық пен теңдіктің негізгі принциптерін бұзу болып табылатынын атап өткен жөн.

Осыған байланысты прокуратура адам ұрлаудың нақты бас бостандығынан айырумен жазаланатын ауыр қылмыс екенін ескертеді", - деп ескертті облыстық прокуратурадан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041566-zambyl-oblysynda-qyzdy-alyp-qasqany-usin-2-adam-sottaldy/