jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматының орталығында құбыр жарылды: аудан тұрғындары ыстық су мен жылусыз қалды (видео)

    Құбыр жарылды
    Оқиға болған жер. Видеодан кадр: t.me/kris_p_alm

    Алматыда Бостандық ауданындағы кейбір ғимараттар бірнеше сағатқа ыстық су мен жылудан ажыратылды, деп хабарлады "Алматы жылу желілері" ЖШС баспасөз қызметі.

    "Бостандық ауданы аумағындағы Розыбакиев – Қожанов – Гагарин – Короленко көшелерінің қиылысында орналасқан бірқатар тұрғын үй және ғимарат магистральдық жылу желісінің учаскелерінің бірінде орын алған апаттық жағдайға байланысты жылу беруден ажыратылды", - делінген хабарламада.

    Компанияның хабарлауынша, арнайы бригада 1976 жылы пайдалануға берілген диаметрі 800 мм құбырдың істен шыққан бөлігін ауыстырумен айналысады.

    "Алматы жылу желілері" ЖШС тұрғындарға түн ортасына дейін жылу мен ыстық су беру жоспарланып отырғанын атап өтті.

    "Аталған аумақта тұратын алматылықтар мен қала қонақтарын уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

    Төтенше жағдай туындаған жағдайда (су мен будың шығуы) өз бетінше әрекет етпеуді және оқиға туралы келесі телефондарға хабарласуды ұсынамыз:

    +7 (727) 378-06-65 (тәулігіне 24 сағат) немесе +7 (727) 341-07-77 (08:00-ден 18:00-ге дейін)", - деп хабардар етті компаниядан.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.