jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Сот үкімімен ақталған Маңғыстау облыстық спорт басқармасының басшысы қызметінен кетті

Қанат Жұмабаев
Қанат Жұмабаев. Фото: Facebook / Маңғыстау облысының әкімдігі

Үш ай бұрын сот үкімімен ақталып, қызметіне қайта келген Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жұмабаев қызметінен кетті. Бұл туралы ақпаратты облыс әкімдігі де растады, деп хабарлайды Lada.kz басылымы.

Басылымның жазуынша, Қанат Жұмабаевтың Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы қызметінен не себепті кеткені белгісіз.

Басқармадағы кадрлық өзгерістер туралы ақпаратты облыс әкімдігі растап, әлем чемпионы Айбек Имашев ведомствоны уақытша басқаратынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Қанат Жұмабаев бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен 2022 жылдың тамыз айында ұсталған болатын.

Мемлекеттік қызметкер тоғыз айға жуық тергеуде болды. 2023 жылдың мамыр айында оған қатысты кінәсіз деген үкім шығарылды.

Шілдеде оның бұрынғы қызметіне қайта келген белгілі болған еді.

Сот үкімімен ақталған Маңғыстау облыстық спорт басқармасының басшысы қызметінен кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.