Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада жасөспірімдер бірнеше көлік ұрлады деген күдікке ілінді

Жарияланған күні:

Көлік салоны
Көлік салоны. Көрнекі фото: pixabay.com

Елордада 7-сынып оқушылары басқа адамға тиесілі көлікті ұрлап, түн ортасында қала көшелерінде қыдырған. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлады.

Басылымның жазуынша, полиция 14 жастағы кәмелетке толмаған екі жасөспірімнің төрт ұрлық оқиғасына қатысы бар екенін анықтады.

"Олар ВАЗ автокөліктерін ұрлаған. Түнгі уақытта олар тұрғын үйдің жанында есіктері ашық, кілтімен оталуға дайын тұрған Lada 21705 көлігін көрген. Жасөспірімдер ештеңе ойламастан жолға шығуға бел буып, рөлге отырып, құны 3 миллион теңгеден асатын көлікпен көше аралап жүріп кеткені белгілі болған", - делінген басылымда.

Жәбірленушіден жедел қоңырау түскен сәттен бастап қалалық тәртіп сақшылары бірден ұстау жоспарын енгізіп, ұрланған көлікті іздеуге шыққан.

"Сағат 03:20 шамасында М. Төлебаев пен Б. Момышұлы көшелерінің қиылысында жасөспірімдер мінген көлікті патрульдік полиция бригадасы байқап қалған. Полиция қызметкерлерінің талабын елемеген кәмелетке толмағандар жылдамдықты арттырып, көлікпен қашпақ болған. Көп ұзамай олар көлікті тоқтатып, қашып кеткен. Кейін оларды тәртіп сақшылары ұстады", - деп жазды басылым.

Медиа-портал мәліметінше, тергеу барысында жасөспірімдердің сыныптас екені және қалалық мектептің 7-сыныбында оқитыны анықталды.

Қазіргі уақытта ұрлық фактісімен Қылмыстық кодекстің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция кәмелетке толмағандар кінәсін мойындағанын атап өтті. Ұрланған Lada 21705 автокөлігінің иесі елордалық полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне жедел іс-әрекеттері мен көлігінің жедел табылғаны үшін алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041600-astanada-zasospirimder-birnese-kolik-urlady-degen-kudikke-ilindi/