"Ертіс орманы" резерватында сирек кездесетін борсық видеоға түсіп қалды
Жарияланған күні:
Читать на русском"Ертіс орманы" резерватында видеоға борсық түсіп қалған. Жануар орманды мекен еткенімен, ол жерде сирек кездеседі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Видео "Ертіс Орманы" резерватының Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған. Қорық ғылыми қызметкерлерінің айтуынша, борсықтар жасырын өмір сүреді. Борсық түнгі жануар. Әдетте күндіз терең інде жатады және тек кешке, күн батқаннан кейін аң аулауға шығады.
Борсықтар "орман санитары" болып саналады. Олардың табиғаттағы маңызы орасан.
"Борсық – орман резерватында жиі кездесетін жануар, бірақ біз оны ешқашан көрмейміз", – деп жазылған видеоның сипаттамасында.
"Ертіс орманы" қорығының өкілдері борсық жануарлар әлеміндегі қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ететінін атап өтті. Олар ін қаза отырып, топырақ пен ондағы тіршілік ететін организмдерге әсер етеді.
"Олар топырақтың араласуына көмектеседі. Өз кезегінде бұл топырақ құнарлығын арттыруға әрі экологиядағы тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.
Борсықтар алуан түрлі нәрсені жейді: жидектер, жаңғақтар мен шөптер, құрт, қоңыздар, бақа, кесірткелер, балапандар, жұмыртқалар мен тышқандар. Борсықтар түнде қорек іздеп, інінен шамамен 5-10 шақырымға алыстайды.
Борсықтар жапырақ пен ағашқа зиян келтіретін зиянкес қоңыздардың дернәсілдерін жей отырып, орманға көп пайдасын тигізеді", - дейді мамандар.
"Ертіс орманы" орманы резерваты өкілдерінің сөзіне сүйенсек, қорықта 450 борсық мекен етеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041636-ertis-ormany-rezervatynda-sirek-kezdesetin-borsyq-videoga-tusip-qaldy/