Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

OLX сервисінен есірткі сатушыларды іздеу бойынша 3 мыңға жуық жасырын вакансия өшірілді

Опубликовано:

Телефон ұстаған ер адам
Телефон ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

OLX.kz сервисінен есірткі сатушыларды жалдау туралы шамамен үш мың жасырын жұмыс берушінің хабарландыруы өшірілді. Бұны Polisia.kz ақпараттық медиа порталы хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, Интернеттің дамуымен бірге компьютерлік қылмыстар, соның ішінде есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстар белең ала бастады.

"Әлеуметтік желі мен интернет-сервистерде курьерлік жұмыс ұсынатын, я болмаса жалдамалы жұмысшылар қызметін қажет ететін хабарландырулардың артында кей жағдайда есірткі бизнесі тұратыны белгілі", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, мұндай хабарландырулардың құрбаны ересек азаматтар ғана емес, кәмелетке толмағандар да болуы мүмкін.

"Есірткі жасырушыларды жалдау туралы жарнамаларды анықтау үшін ведомство ең ірі хабарландыру сервистерінің бірі OLX-пен тікелей жұмыс істейді.

Жыл басынан бері ІІМ бастамасы бойынша компания полиция мен сервис қызметкерлері анықтаған үш мыңнан астам "жасырын" хабарландыруды алып тастады. Олардың артында есірткі жасырушыларды жұмысқа тарту ұсынысы болған.

ІІМ мемлекеттік органдардың, OLX Group өкілдерінің және еріктілердің қатысуымен арнайы чат құрды, онда күдікті хабарландыруларға сілтемелер жіберіліп отырады, жан-жақты тексеруден кейін расталған жағдайда олар дереу жойылады", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.

Сондай-ақ полиция хабарландыру сервистерін бақылаудан бөлек есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын сайттарды, жазбаларды, блогтар мен жарнамаларды анықтау үшін интернет кеңістігіне мониторинг жүргізеді.

Жыл басынан бері осыған ұқсас 2700-ден астам интернет-ресурс анықталған. Тыйым салынған интернет-ресурстарды бұғаттау үшін олар туралы барлық ақпарат Мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберіледі.

Ведомстводан интернет-ресурстарды пайдалана отырып жасалған есірткі қылмыстары аса ауыр қылмыстар санатына жататынын ескертті. Қылмыстық кодексте заң бұзушылықты жасаған жағдайда мүлікті тәркілеу және 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041645-olx-servisinen-esirtki-satusylardy-izdeu-boiynsa-3-mynga-zuyq-zasyryn-vakansiya-osirildi/

pixel