Президент Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.
"Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Баршаңызға бақ-береке тілеймін!" – деп жазылған Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041648-toqaev-azamattyq-qorganys-salasynyn-qyzmetkerlerin-tol-merekesimen-quttyqtady/