Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 40 млн теңге мен алтын салынған сейф ұрлады деген күдікпен үш ер адам ұсталды

Опубликовано:

Ұры
Ұры. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында полицейлер қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінген үш ер адамды ұстады, деп хабарлайды Telegram-дағы ҚР ІІМ жаңалықтары арнасы.

Ведомствоның хабарлауынша, 8 қазанда Жамбыл ауданы полиция басқармасына үш адамнан тұратын белгісіз қарулы топтың Қасымбек ауылындағы үйлердің бірінен 40 миллион теңге, алтын әшекей және өзге де бағалы заттары бар сейфті ұрлап, қарақшылық шабуыл жасағаны туралы ақпарат келіп түскен.

Алматы облысы полиция департаменті басшысының нұсқауы бойынша арнайы жедел тергеу тобы құрылып, олар қысқа мерзім ішінде үш күдіктіні ұстады.

"Дерек Қылмыстық кодекстің 192-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы “Қарақшылық” бойынша тіркелді. Қазір қылмысты тергеуде оның толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатындағы барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облыстық полиция департаменті бастығы Бауыржан Әленов.

Облыстық полиция департаментінің бастығы аталған іс бойынша тергеуді жеке бақылауына алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041660-almaty-oblysynda-40-mln-tenge-men-altyn-salyngan-seif-urlady-degen-kudikpen-us-er-adam-ustaldy/

pixel