Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың нейрожелі арқылы жасалған жалған видеосы тарап жатыр

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Әлеуметтік желіде Тоқаевтың қазақстандықтарға Илон Масктің жаңадан шыққан инвестициялық платформасына қаржы салуға үндеуі түсірілген видео таралып жатыр. Бұл видео жалған, деп хабарлады StopFake.kz сайты.

Сайттың хабарлауынша, желіде тараған видеодан Тоқаев Илон Маскпен бірлесе отырып ашылған жаңа инвестициялық платформа туралы айтып жатқанын көруге болады. Видеода айтылғандай, жаңа инвестициялық платформаның арқасында қазақстандықтарда ай сайын шамамен 5 мың доллар табыс табуға мүмкіндігі бар.

Фактчекерлер бұл видеоны дипфейкті анықтайтын онлайн детектордың көмегімен тексеріп, оның нейрожелі арқылы жасалғанын анықтады.

"Ірі қазақстандық және ағылшын тілді БАҚ-та Илон Маск пен ҚР үкіметі бірлесіп белгілі бір инвестициялық платформа әзірлегені туралы ақпараттар жоқ. Бұл туралы президенттің ресми сайтында да жазылмаған.

Желіде Илон Масктың инвестициялық платформасы туралы жарияланымдар көп. Олардың бәрінде ақпараттың жалған екендігі айтылған. Илон Маск пассивті табыс табу үшін платформа жасаған жоқ, ал мұндай стартаптарға ақша салуға үндеу – кибер алаяқтардың ісі болып табылады", - деп жазылған сайттың хабарламасында.

Фактчекерлер таралған хабарламаға сенбеу керектігін, президенттің қатысуымен таралып жатқан видео – дипфейк екенін әрі Илон Маскта инвестициялық платформа жоқтығын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041689-zelide-toqaevtyn-zalgan-videosy-tarap-zatyr/

pixel