Қазақстан Ресей арқылы тасымалданатын дрондар мен басқа да тауарлардың экспортын шектеді
Жарияланған күні:
Читать на русскомСауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев сенатта Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың басталуына байланысты Қазақстан Ресей арқылы қандай тауарлардың экспортына шектеу қойылғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Негізгі мәселе экспортқа байланысты. Біз барлық тауарды (Ресей аумағы арқылы – ред.) экспорттаймыз. Тек соғысқа байланысты тауарлардың экспорты шектелді. Оның ішінде түрлі өнім бар. Біз олардың экспортын толық шектедік.
Оның ішінде әскери тауарлар – олар Ресейге жеткізілмейді, яғни соғыста қолданылуы мүмкін тауарлар: дрондар, оларға арналған қосалқы бөлшектер, арнайы электроника, чиптер және осыған ұқсас т.б. тауарлар", – деді Төребаев.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери техниканың Ресейге тасымалдануына қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме бергені туралы жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041700-qazaqstan-resei-arqyly-tasymaldanatyn-drondar-men-basqa-da-tauarlardyn-eksportyn-sektedi/