jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Неліктен Өзбекстанда нан бағасы Қазақстанға қарағанда арзан: Сауда министрлігі жауап берді

Нан
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Сенат кулуарында Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев нан бағасы неге байланысты қымбаттайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналистер Қазақстан бидай егіп, ұн өндіргенімен бізде нан бағасы көрші Өзбекстанға қарағанда жоғары екенін атап өтті. БАҚ өкілдері вице-министрден елімізде нан бағасы неге қымбат екенін сұрады.

"Әңгіме әр кәсіпорынның экономикалық негізделуінде. Біз кез келген өнімді шығарғанда ел ішіндегі барлық шығынды есептейміз. Оның ішінде электр энергиясы, салық және басқа да шығындар бар.

Бұл жерде өзбекстандық пен қазақстандық наубайханалардың қанша шығын жұмсайтынын нақты қарастыру керек", - деді вице-министр.

Сондай-ақ Қайрат Төребаев ең алдымен өнімнің сапасын салыстыру керектігін айтты.

"Қазақстандағы нан сапасы Өзбекстандағымен бірдей ме деген сұрақты қойса болады. Нақты статистиканы алу үшін сапаны салыстыру керек.

Сондықтан сұрақ өте қиын. Сіз бізге нақты статистиканы көрсетіңіз, нанның қай түрі, қай жерде және қанша тұрады? Салыстырып көріп, бірге жұмыс істейік", - деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Неліктен Өзбекстанда нан бағасы Қазақстанға қарағанда арзан: Сауда министрлігі жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.