Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы орталығында жарылған құбыр жөнделіп тұрғындарға жылу және ыстық су берілді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жылу батареясы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pixabay.com

18 қазанда Алматының Бостандық ауданында жарылған құбыр жөнделіп, аудандағы бірқатар ғимаратқа жылу және ыстық су қайта берілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, кеше Бостандық ауданында жылу мен ыстық судан ажыратылған тұрғын үйлерге температуралық режимді сақтау үшін 18-нен 19 қазанға қараған түні жылу берілген.

Бүгін қайта қалпына келтіру жұмыстары сағат 09:30-дан басталып, сағат 15:00-де толық аяқталған.

"Бостандық ауданы аумағында Гагарин - Қожанов - Короленко - Розыбакиев көшелерінің бойындағы тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ету қайта қалпына келтірілді", - делінген әкімдік хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Бостандық ауданында жылу құбыры жарылған болатын. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан видео жарияланды. Төтенше жағдайға байланысты жоғарыда аталған көшелердегі ғимараттар жылу мен ыстық судан ажыратылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041759-almaty-ortalygynda-zarlygan-qubyr-zondelip-turgyndarga-zylu-zane-ystyq-su-berildi/