Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда театр және кино актері Сағи Әшімовтің құрметіне мемориалдық тақта ашылды (фото)

Опубликовано:

Сағи Әшімовке қойылған мемориалдық тақта
Сағи Әшімовке қойылған мемориалдық тақта. Фото: t.me/almaty_akimat

Алматыда театр және кино актері, мемлекеттік сыйлықтың иегері Сағи Асанәліұлы Әшімовтің құрметіне мемориалдық тақта қойылды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Әкімдік мәліметінше, мемориалдық тақтаның ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, халық әртістері мен Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткерлері келген.

Мемориалдық тақта Алматыты қаласы Достық даңғылындағы 40 (Қабанбай батыр көшесінің қиылысы) үйге қойылған.

"Бұл үйде 1970-1982 жылдары театр және кино актері, мемлекеттік сыйлықтың иегері Сағи Асанәліұлы Әшімов тұрған", - деп жазылған мемориалдық тақтада.

Сағи Әшімов "Өз дәніңді өсір", "Мазасыз балалар", "Ойлануға бір ай" және 20-дан астам тағы басқа фильмге түскен. Ол әкесі Асанәлі Әшімовтің "Шоқан Уәлиханов" атты 4 сериялы фильмінде басты рөлді сомдаған.

Сағи Әшімов 1999 жылы өмірден өтті. Сол кезде ол "Тоғысқан тағдырлар" атты қазақстандық алғашқы сериалға түсіп жатқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041775-almatyda-teatr-zane-kino-akteri-sagi-asimovtin-qurmetine-memorialdyq-taqta-asyldy-foto/

pixel