jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Қазақстанда жыл басынан бері қасақана адам өлтіру қылмысының саны азайған

    Түрмедегі адам
    Түрмедегі адам. Көрнекі фото: pexels.com

    Бүгін, 19 қазанда Бас прокуратурада адам өлтіруді ашу және тергеп-тексеру мәселелері талқыланды. Ведомствоның дерегінше, биыл қасақана адам өлтіру бойынша қылмыс саны азайған. Бұны Бас прокуратура ресми сайтында хабарлады.

    Ведомствоның хабарлауынша, бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің басшылары, облыстардың прокурорлары және полиция департаменттері бастықтарының қатысуымен адам өлтіруді тергеу және ашу сұрақтары бойынша ведомствоаралық жедел кеңесі өткізілді.

    Тимур Тәшімбаевтың айтуынша, 9 айда адам өлтіру фактілері 27,3 пайызға төмендеген (578-ден 420-ға дейін), ал мұндай қылмыстардың ашылу көрсеткіші 94 пайызға жоғарылаған.

    "Десе де, қасақана адам өлтірудің себептері бірқатар мәселелерге, оның ішінде профилактиканың әлсіздігіне тікелей байланысты. Адам өлтіруді тергеп-тексерудің сапасы және қылмыскерлер үшін сөзсіз жазаның болуы да маңызды мәселелер болып табылады.

    Жедел кеңестің шешімімен полиция органдарының басшылары мен облыс прокурорларына аталған бағытта, оның ішінде "өткен жылдары" адам өлтіру қылмыстарын ашу, жасырынған қылмыскерлерді, жоғалған азаматтар мен басқаларды іздестіру жөніндегі жұмысты жандандыру тапсырылды", - делінген Бас прокуратура ресми сайтының хабарламасында.

    Сондай-ақ ІІМ өкілдері іс-шарада полиция органдарының жедел-криминалистикалық бөлімшелерінің қылмыстарды ашудың жаңа мүмкіндіктері, оның ішінде заттай дәлелдемелерді зерттеу бойынша инновациялық әдістері мен жабдықтары туралы айтты.

    Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, ішкі істер органдарының ДНҚ деректер базасы бар молекулалық-генетикалық зертхана Орталық Азияда алғашқылардың бірі болып саналады.

    Ведомствоаралық жедел кеңестің нәтижелері бойынша бірқатар ұсыныс әзірленді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.