Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда бопсалаумен айналысты деген күдікпен төрт адам ұсталды

Опубликовано:

Күдіктіні ұстау сәті
Күдіктіні ұстау сәті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оралда ақша және қымбат ұялы телефондарды бопсалаумен айналысты деген күдікпен төрт адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, 19 қазанда БҚО полиция департаменті ҰҚКД-мен бірлесіп, кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша және қымбат ұялы телефондарды бопсалаумен айналысты деген күдікпен Орал қаласының төрт тұрғынын ұстаған. Шығын 10 млн теңгені құраған.

Сондай-ақ күдіктілердің деструктивті діни ағымның жақтаушылары екені әрі бұрын бірнеше рет сотталғаны анықталған.

Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде суық қару, есірткі, діни материалдар және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Ақпараттық медиа-порталдың мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабының 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Басылым Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041783-oralda-bopsalaumen-ainalysty-dep-aiyptalgan-kudiktiler-ustaldy/

pixel