Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараз маңындағы 18 адам қаза тапқан жарылыс: айыпталушыларға сот үкімі шықты

Опубликовано:

Жамбыл облысында болған жарылыс
Жамбыл облысында болған жарылыс. Фото: Anadolu Agency / Contributor / Getty Images

Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс салдарынан 18 құтқарушы мен сарбаз көз жұмған. Атышулы іс бойынша айыпталғандарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ақпараттық агенттігі.

Ақпараттық агенттіктің мәліметіне сүйенсек, аталған іс Шымкент гарнизонының әскери сотында қаралған. Іс бойынша алты әскери қызметші - төрт офицер мен бұрынғы жедел қызметтің екі сарбазы күдікті деп танылды.

Тергеу қорытындысы бойынша өрт пен жарылыстың болуына бұрынғы жедел қызмет сарбаздары Ерболат Тұранов пен Әсет Әшірбай кінәлі деп танылған. Бұрынғы әскери қызметшілерге ҚК 459-бабының 2-бөлігі (Әскери мүлікті қасақана жою және бүлдіру) және 202-бабының 3-бөлігі (Бөтеннің мүлкін қасақана жою және бүлдіру) бойынша айып тағылды.

Сондай-ақ қосымша немқұрайлылық танытып, қарумен жұмыс істеу ережесін бұзды деп айыпталған төрт офицерге қатысты тергеу жүргізілген болатын.

Сотта әскери қызметшілер кінәсін мойындамай, соттан ақтауды сұраған.

Алайда сот барлық ауырлататын және жеңілдететін мән-жайды ескере отырып, Ерболат Тұранов пен Әсет Әшірбайды 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Төрт офицердің екеуі ақталып, екеуі кінәлі деп танылған, бірақ ескіру мерзімінің өтуіне байланысты олар қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Бұл әскери бөлім басшысының міндетін атқарушы Аслан Бақытжанов пен оның орынбасары Руслан Несіпқалиев.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінің маңынан өрт шығып, жарылыс болғаны туралы жазған едік.

Жарылыс салдарынан 98 адам жарақат алып, 18 құтқарушы мен әскери қызметкер көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041925-taraz-manyndagy-18-adam-qaza-tapqan-zarylys-aiyptalusylarga-sot-ukimi-syqty/

pixel