Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында еңбек адамдарына демеушілер тарапынан 17 көлік табысталды

Опубликовано:

Еңбек адамы құрметке лайық
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Қызылорда облысының 85 жылдығы және «Алтын дән – 2023» мерекесі аясында ветеринариялық ұйымдарға 30 қызметтік автокөлік, облыс шаруашылықтарында жоғарғы көрсеткішке қол жеткізген еңбек адамдарына демеуші кәсіпорындар тарапынан 17 автокөлік табысталды.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жерлестерін аймақтың айтулы мерекесімен және дәстүрлі молшылық мейрамымен құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында ветеринария саласын жетілдіруге аса үлкен мән берді. Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес. Бұл түптеп келгенде ауылдағы ағайынның әл-ауқатына және облыстың агроөнеркәсіп саласының дамуына әсер етеді.

Бүгінде аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы мал ауруына бөлінген ветеринариялық препараттар жеткізіліп, бекітілген жоспарға сәйкес алдын ала егу жұмыстары жүргізілуде. Сапалы жұмыстардың нәтижесінде Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы өңірімізге аусыл ауруынан таза аймақ мәртебесін берді. Эпизоотиялық ахуалды тұрақтандыру жолында аянбай еңбек ететін ветеринар мамандарға, ақ күріштен тау тұрғызған еңбек озаттарына алғысымды білдіремін. Жаңа автокөліктер игіліктеріңізге қызмет етсін», – деді аймақ басшысы.

Еңбек адамы құрметке лайық
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыста соңғы жылдары аса қауіпті мал аурулары тіркелген жоқ, эпизоотиялық тұрақтылық сақталды. Ветеринария саласындағы жұмыстарды ілгерілету үшін «Жол картасы» жасалды. Ал, ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтау мақсатында былтыр облыстық бюджеттен 73 млн теңге, биыл 250 млн теңге бөлініп, автокөлік пен құрал-жабдықтар алынды. Салада жалпы 746 маман қызмет атқарады.

Еңбек адамы құрметке лайық
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Еңбек адамдары құрмет төріне шығып, еңсесі биіктейтін молшылық маусымын асыға күтеді. Ерте көктемнен бері бейнеттен бел жазбаған еңбеккерлер егін-терім қорытындысымен табысқа кенелуде. Діттеген межеге жетіп, мол өнім жинаған озаттар қандай да құрметке лайық. Осы салтанатты шарада олардың бірқатары көлік кілтін иеленді.

Еңбек адамы құрметке лайық
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, бүгінде барлық саланың материалдық-техникалық базасын нығайтуға басымдық берілуде. Қоғамдық көлік түйткілін шешу үшін 200 автобус, мектеп оқушыларын тасымалдауға 30 автобус, денсаулық сақтау саласына 45 жедел жәрдем көлігі, орманшыларға 470 техника, құқық қорғау органдарына 92 қызметтік автокөлік алынды. «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсының жеңімпаздарына күнделікті тұрмысқа ең қажетті заманауи үлгідегі 14 арнайы техника берілді.

Еңбек адамы құрметке лайық
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041932-qyzylorda-oblysynda-enbek-adamdaryna-demeusiler-tarapynan-17-kolik-tabystaldy/

pixel