Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды тұрғындары зауыттан шыққан иістен уланып жатырмыз деп дабыл қақты

Опубликовано:

Медициналық қалдықтарды жоятын зауыт
Медициналық қалдықтарды жоятын зауыт. Видеодан кадр: youtube.com/@astanatv

Қарағандыдағы медициналық қалдықтарды жоятын зауыттың маңында тұратын тұрғындар өткір иіс пен ащы қара түтіннен ауруға шалдығып жатқанын айтып шағымдануда, деп хабарлайды Аstana TV арнасы.

Телеарна мәліметінше, 13 жыл бұрын жеке сектордың жанынан ашылған медициналық қалдықтарды жоятын кәсіпорын мен үйлердің арасы небәрі 300-400 метр. Зауыттан шыққан өткір иіс пен ащы қара түтін бірнеше мың тұрғынды әбден шаршатқан. Тұрғындардың айтуынша, қазір бұл маңда тыныс алу ауруларына шалдыққандар көп.

"Терезені ашсақ, жақтаулары қап-қара. Түтіннің иісі сасық. Мұнда шприцте, мақта, қалдықтарды тіпті онкология мен тубдиспансерден әкелінген аяқ-қолдарды да жағады деп естідік", - дейді қала тұрғыны Мария Найман.

Тұрғындар балаларының да жиі ауырып қала беретінін атап өтті.

"Бізден 300-ақ метр жерде тұр. Жел бізге қарай соғатындықтан қара түтіннің бәрі үйге келеді. Әсіресе түнде көп қоқыс жағады. Балалар үнемі жөтеліп, ауырып қала береді. Айнала қара шаң, көліктің өзін басып қалады", - деді қала тұрғыы Игорь Мазаков.

Телеарна ақпаратынша, зауыттан ауаға зиянды қалдықтар тарайтынын экологтар растады. Облыстық экология департаментінің инспекторлары қоқыс өртейтін пештен біраз кемшілік тапқан.

"Барлық утилизация жаңағыдай қалдықтардың утилизациясы инсинераторлық пеш арқылы жүргізілетіні анықталды. Пештен ауаға зиянды заттар бөлінетіні белгілі болды. Зауыт табылған ақауларды 15 қарашаға дейін жоюға тиіс", - деді облыстық Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторы Әділет Қоянбаев.

Соған қарамастан кәсіпорын басшылары зауытты алысырақ көшір қаржылық жағынан тиімсіз дегенті айтады.

"Меніңше халыққа біреулер қысым жасап шағымдануға мәжбүрлеп отыр. Әйтпесе зиянды қалдықтар қалыпты жағдайдан сәл ғана асты. Пештің ақауы бір участокта ғана болды.Пеш стандартқа сай жұмыс істейді. Кемшіліктерді түзетеміз. Бірақ зауытты көшіру 100 млн теңгеге шығады. 5 жыл бұрын ғана қондырғыларды жаңарттық, басқа аумаққа көшіре алмаймыз", - дейді зауыттың атқаушы директоры Заза Берадзе.

Тілші мәліметінше, тұрғындар енді зауыт басшылығын сотқа бермек, сондай-ақ прокуратураға арыз дайындап жатқанын айтты. Олар медициналық қалдықтарды жоюға қарсы емес, тек оны қоршаған ортаға зиянсыз алыстау жерде өткізуді сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041954-qaragandy-turgyndary-zauyttan-syqqan-iisten-ulanyp-zatyrmyz-dep-dabyl-qaqty/

pixel