Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жемқорлық фактісін хабарлағандар ақшалай сыйақы алды

Опубликовано:

Қағаз ақша және тиын
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Биыл Түркістан облысында жемқорлық фактісін хабарлаған 7 азаматқа 1,6 млн теңге сыйақы тағайындалды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ресми сайтында.

Құзырлы орган мәліметіне сүйенсек, соңғы 3 жылда жемқорлық қылмысының жолын кесуге жәрдемдескен 36 тұрғын 5,1 млн теңге сыйақы алған.

"Тұрғындардың хабарламаларымен білім беру, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы, құрылыс, жер қатынастары және спорт салаларында жемқорлық қылмыстары анықталды", - деді Антикор өкілдері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы бойынша департаменті заң талаптарымен көзделген сыйақы мөлшері жемқорлық құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты төленетінін атап өтті.

"Ең жоғары сыйақы мөлшері биыл 13 млн 800 мың теңгені құрайды. Сыйақы соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі немесе әкімшілік жаза туралы қаулысы болғанда беріледі. Сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған кез-келген азамат @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы арқылы хабарлай алады.

Сондай-ақ, Антикордың облыстағы департаментіне (Түркістан қаласы Тәукехан даңғылы №100) хабарлауға болады", - деп хабардар етті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041961-turkistan-oblysynda-zemqorlyq-faktisin-xabarlagandar-aqsalai-syiaqy-aldy/

pixel