Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте кейбір саябақ пен көшелерге Түркияның атауын беру жоспарлануда

Опубликовано:

Шымкент қаласының әкімдігі
Шымкент қаласының әкімдігі. Фото: facebook.com/akimat.shymkent

Шымкентте екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында кейбір саябақ пен көшеге Түркияның құрметіне орай елдің атауы берілуі мүмкін. Тиісті қаулы "Ашық НҚА" порталында жарияланған.

"Шымкент қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне мынадай атау берілсін: Абай ауданы бойынша Шымсити шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге – Түркия көшесі атауы; Еңбекші ауданы бойынша аудан орталығындағы атауы жоқ саябаққа – "Қазақстан – Түркия достығы саябағы" атауы берілсін", – делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған қаулы құжатында.

Аталған қаулының түсіндірме жазбасында бұл шешім Қазақстан мен Түркия арасында қалыптасқан дәстүрлі достық қарым-қатынастарды әрі қарай нығайту мақсатында қабылданғаны жазылған.

"Тәуелсіздігін алғашқы болып таныған бауырлас Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толу құрметіне орай көшеге және саябаққа атау берілсін", – деп жазылған қаулы құжатында.

Тиісті жоба 1 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі ресми сайтының мәліметіне сүйенсек, 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігін ең алғашқы ел болып таныған – Түркия.

Ал шамамен бір жыл өткеннен кейін 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық қатынастар орнатылған.

Былтыр 15 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін Еркебұлан Сәпиев атқарады.

Ал 2020 жылғы 13 қаңтардан бастап Түркияның Қазақстандағы елшісі қызметін Уфук Екиджи атқаруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042068-symkentte-turkiyanyn-qurmetine-orai-keibir-sayabaq-pen-koselerge-eldin-atyn-beredi/

pixel