Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 30 мың доллар бопсалады деген күдікті Швециядан экстрадицияланды

Опубликовано:

Қолына кісен салынған адам
Қолына кісен салынған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бас прокуратура Швециядан Қазақстанға алаяқтыққа оқталу жасады деген күдіктіні экстрадициялады. Бұны Бас прокуратура Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, 2019 жылдың тамыз айында Алматыда өздерін Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріміз деп таныстырған бір топ адам кәсіпкер ісіне тексеру жүргізіп, қылмыстық жауаптылыққа тартатындарын айтып, 30 мың АҚШ доллары көлемінде қаражат бопсалады деп күдіктелуде.

Қылмыстық әрекеттің жолын кесу кезінде күдіктілердің бірі қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгерген, сондықтан ол халықаралық іздеуге жарияланды.

Кейін Қазақстан тарапының өтініші бойынша оны Швеция Корольдігінің құқық қорғау органдары Стокгольм қаласында ұстаған.

Бас прокуратура мен ІІМ Интерпол қызметкерлері әрі Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдікті Қазақстанға жеткізілді.

Қазіргі таңда ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Сондай-ақ Бас прокуратураның өкілі Қылмыстық кодексте аталған қылмысты жасағаны үшін немесе осыған тектес қылмыс жасағаны үшін жеке мүлікті тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042118-almatyda-alayaqtyq-zasady-degen-kudikti-sveciyadan-ekstradiciyalandy/

pixel