Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК есірткі дайындады және сатты деген күдікпен бірнеше азаматты ұстады

Опубликовано:

Күдіктілерден тәркіленген ақша
Күдіктілерден тәркіленген ақша. Фото: ҰҚК

ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура және полиция органдарымен бірлесе отырып, Целиноград ауданында ірі есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды комитет ресми сайтында.

ҰҚК мәліметінше, психотропты заттарды дайындады және сатты деген күдікпен Астана және Ақтөбе қалаларында үш азамат ұсталды.

"Тінту кезінде 40 кг синтетикалық есірткі, 7 тонна прекурсорлар және зертханалық жабдықтар анықталып тәркіленді", - деп хабарлады комитеттен.

Құзырлы орган материалдар Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлімдеді.

"Соттың санкциясымен ұсталғандарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Өзге ақпараттар Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042182-uqk-esirtki-daiyndady-zane-satty-degen-kudikpen-birnese-azamatty-ustady/

pixel