Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан-Ресей шекарасында электрондық кезекті енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылады

Опубликовано:

Шекара бекеті
Шекара бекеті. Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пунктінде электрондық кезек жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылмақ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстан-Ресей шекарасындағы "Бидайық" автомобиль өткізу пунктінде (Солтүстік Қазақстан облысы) электрондық кезек жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлайды", - делінген хабарламада.

Комитет мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта электрондық кезекті брондау жүйесі Қазақстанның Қытаймен, Өзбекстанмен, Түркіменстанмен шекарасында іске асырылған және оң нәтиже беріп отыр.

Комитет CarGoRuqsat электрондық кезек жүйесі тасымалдаушыларға кезекті алдын ала брондауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Бұл шекарадан өтудің жеделдігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді, жүк көліктерінің жиналуына жол бермейді, мемлекеттік кірістер органдарына тәуекелдерді басқару жүйесін автоматты режимде қолдануға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Пилоттық жоба шеңберінде "Бидайық" автомобиль өткізу пункті арқылы Қазақстан аумағынан шығуды жоспарлаған тасымалдаушылар 2023 жылғы 1 қарашадан бастап CarGoRuqsat қосымшасы арқылы электрондық кезектен орынды брондауы қажет.

Ол үшін мына сілтеме бойынша өтіп, сосын CarGoRuqsat қосымшасына тіркелу және кіру керек. Бұдан кейін "Бидайық" өткізу пунктін таңдап, шекараны кесіп өту күні мен уақытын көрсетіп, жүргізуші мен автокөлік туралы деректерді толтыру керек. Өтінім мақұлданғаннан кейін шекарадан өту үшін өткізу пунктіне уақтылы келу қажет.

"Күтпеген жағдайларды болдырмау үшін Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушыларды "Бидайық" өткізу пункті арқылы Қазақстан-Ресей шекарасын кесіп өту үшін электрондық кезекті алдын ала брондауға шақырады.

Өз кезегінде "Ақпараттық-есепке алу орталығы" АҚ және Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері пилоттық жоба кезеңінде тасымалдаушыларға консультациялық көмек көрсетеді.

Барлық сұрақ бойынша 1414, 8-800-080-7777 телефондар арқылы МКК Сall-орталығына хабарласуға болады", - деп хабардар етті Мемлекеттік кірістер комитетінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042215-qazaqstan-resei-sekarasynda-elektrondyq-kezekti-engizu-boiynsa-pilottyq-zoba-iske-qosylady/

pixel