Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада кәсіпкер 7 жыл бұрын сатып алған коммерциялық нысанын әлі ала алмай жүргенін айтты

Опубликовано:

Уәлихан Ерғалиев
Уәлихан Ерғалиев. Видеодан кадр: almaty.tv

Астанада кәсіпкер 7 жылдан бері заңды түрде сатып алған коммерциялық нысанын ала алмай жүр. 2016 жылы бас қаладағы Шығыс тұрғын үй кешенінен 500 шаршы метрге жуық ғимарат алған азамат әлі күнге дейін бизнесін бастамаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Телеарнаның ақпаратынша, аталған кешенді салған құрылыс компаниясының басшысы сотталып кеткен. Содан кейін 90 пайызы дайын болған үй құрылыс компаниялардың біріне өткен.

"Нысан "Елорда" құрылыстың қарамағына өткеннен кейін, нысанды өз атымызға рәсімдеуге барсақ, "Елорда" құрылыс "сатып алған дүниеңіз, келісімшарт заңсы" деді. Бізде медиативтік келісім бар. Сотқа арыз жаздық", – деді кәсіпкер Уәлихан Ерғалиев.

Ал құрылыс компаниясының баспасөз қызметі "Шығыс" тұрғын үй кешенінің сотталып кеткен иесінен пәтерді арзан сатып алған адамдардың келісімшарты тексерілгенін жеткізді. Олардың айтуынша, әлгі кәсіпкердің құжаты да күмәнді келісімшарт тізіміне енген.

"Жауапты орган Уәлихан Ерғалиев пен оның қызының келісімшартын жарамсыз ету бойынша сотқа шағымданған. Аталған азаматтар бірнеше рет "Елорда" құрылыс компаниясына келген. Оларға түсіндірме жұмысы жүргізілді. Соттың шешімімен ең әуелгі келісімшарт жарамсыз болып табылды. Одан кейінгі құжат тажарамсыз болып қала береді", – деді "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС баспасөз қызметі Жанетта Әбділдина.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042247-astanada-kasipker-7-zyl-buryn-satyp-algan-kommerciyalyq-nysanyn-ali-ala-almai-zurgenin-aitty/

pixel